АЭА және ӨА

АЭА және ӨА

Арнайы экономикалық аймақ қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгiн білдіреді. (2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 248-бабы)

Коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығына арналмаған жер индустриялық аймақ болып табылады. (2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 249-бабы) 

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында индустриялық және арнайы индустриялық аймақ жоқ. 

Алайда, жұмыс жасау белсенді жүргізілуде. 

Ағымдағы жылдың соңына дейін Жеке индустриялық аймаққа заңнамасына сәйкес құжатпен рәсімдеу жоспарланып отыр, онда 14 өндірістер орналастырылатын болады. Оның 3-уі жұмыс істеп тұрған және 11 әлеуетті кәсіпорындар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге