Біз туралы

Біз туралы

Арман Сарбайұлы Оразғұлов

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысы

1986 жылы Батыс Қазақстан облысында туған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетiн, «Тұран-Астана» университетiн, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы мемлекеттiк қызмет академиясын кеден iсi саласындағы маман,заңгер, мемлекеттiк және жергiлiктi басқару магистрi мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласында жекеменшiк ұйымдарда кеден декларанты болып бастаған.

2008-2009 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлiгi сауда саясатын дамыту департаментi iшкi сауда саясатын реттеу басқармасының сарапшысы болды.

2009-2014 жылдары Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң сыртқы сауда саясаты департаментiнiң сыртқы сауда келiссөздерi басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерiн атқарды.

2014-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң сыртқы сауда саясаты департаментiнiң басқармасына басшылық еттi.

2017 жылдан 2018 жылғы сәуiрге дейiн жеке ұйымда директор болды.

2018 жылғы 27 сәуiрден бастап «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге